Жеңіс семсері / Меч победы (2012)

Жеңіс семсері / Меч победы (2012)
Жеңіс семсері  / Меч победы (2012)
  • Год2012
  • СтранаКазахстан
  • ЖанрФэнтези, Приключения, Казахстанское кино
  • РежиссерАся Сулеева, Ануар Райбаев
  • В роляхЕржан Нурымбет, Динмухаммед Садибеков, Азиз Бейшеналиев, Бата, Болат Калымбетов, Жайдарбек Кунгужинов
  • Качество:HDRip

О картине Жеңіс семсері / Меч победы (2012):

Жеңіс семсері» атты жаңа фильм экрандарға жол тартты. Бұл – талантты кинооператор Болат Сүлеевтің соңғы жұмысы. Фильмді науқастанып жүріп түсірген Болат Қалиұлы «Семсер» түсіріліп болысымен көз жұмды. Режиссерлер Әнуар Райбаев пен Әсия Сүлеева туындыны осы азаматтың рухына бағыштаған екен.
Шыны керек, қазір қоғам мақалаға жүк болатын проблеманы көтеріп, «ура, болашақ!» стилінде түсірілетін плакаттық кинолардан мезі болды. Патриотизм туралы қарабайыр сөйлейміз. «Отан Ана шақырады» деп бадырайтып жазуға да болады, бірақ өнердің тілімен айтқанға не жетсін. «Жеңіс семсерінен» сол кәусар өнердің ұшқынын көрдік. Ұшқыр ойлы бала-режиссер мен кәсіби ұстамы мықты ана-режиссердің шығармашылық одағы сәтті нәтиже берген сиқты. Және «Қазақфильмнің» балалар киносына көңіл қоя бастағаны қуанышты.
Сюжет бойынша бас кейіпкер Айтуар әкесіз өсіп келеді. Көшедегі балалардан таяқ жеп, қорлық көріп жүргенде ойын баласы ауыл сыртынан семсер тауып алады. Сөйтсе ол жай семсер емес, «сиқырлы» семсер екен. «Есек» атанған жасық бала оған да ие бола алмай, айырылып қалған соң Арыстан батыр тіріліп келіп, қылышын сұрайды. Әрине, ұлттың тағдыры байланған қылыш арзанға түспек емес, Арыстанның ізімен жоңғарлардың бақсысы да келіпті...
Оқиға желісі қызық болғанымен, кейбір тұстары кемшіліксіз емес. Мысалы, қыздың оннешеме жылдан кейін әй-шай жоқ Айбекке барғаны. Жол-жөнекей, «мынау сенің балаң» деп Айтуарды әкесіне таныстыра салғаны. Сол жерде мән-жайды сұраспай, аяқ астынан әлгі Айбектің де «балам!» деп емірене кетуі... күлкілі сияқты. Кейіпкерлердің бәрі аруақтың тіріліп келуін тез-ақ қабылдайтыны күдікті. «Бүгінгінің адамдары неге ұсақ десем, киімнен екен ғой» дейтін Арыстан батыр бойжеткендердің сирағын көріп елтіп кететіні де күлкілі шығар, бәлкім. Бірақ орыс және батыс киносында жиі қолданылатын (біздің менталитетімізге сұмдық бір сәйкес келе қоймайтын) шаблонды жағдай. Қуанышымызға қарай осындай қисынсыздықтар мен қарабайырлықтар бұл кинода санаулы ғана екен.
Для онлайн просмотра Жеңіс семсері / Меч победы (2012), выберите ниже плеер
  • Плеер-YouTube
  • Трейлер
Вы можете оставить рецензию к Жеңіс семсері / Меч победы (2012), тем самым оказывая помощь другим кинолюбителям определится c выбором
Смотрите скоро Мы Вконтакте
Последние обновление сериалов Обновление сериалов
» Фэнтези » Жеңіс семсері / Меч победы (2012)